17 March 2020

ҮЕҰ өкілдері Қарағанды облысының әкіміне өз проблемалары туралы айтты

ҮЕҰ өкілдері Қарағанды облысының әкіміне өз проблемалары туралы айтты

Қарағанды облысының әкімі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы мен әріптестігін талқылады.
- Өңірде 1300-ден астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Қазір ҮЕҰ облыстың әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық салаларын, құқық қорғау және экологиялық мәселелерді қамтиды. Біздің ұйымдар мемлекеттік және жеке құрылымдарға кез келген қызмет көрсете алады, - дейді "Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығы" ЗТБ президенті Гүлнар Құрбанбаева.

Photo: karaganda-region.gov.kz

ҮЕҰ өкілдері әкімге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өз қызметі туралы айтып берді.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/29965