22 May 2020

Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қаралды.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Қазақстан ет-сүт одағы қауымдастығының басқарма төрағасы И. Сауэр, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Р. Баталов, Қазақстан машина жасаушылары одағының төрағасы М. Пішембаев, KazakhmysCopper басқармасының төрағасы Б. Қырықпышев, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.

Photo: karaganda-region.gov.kz

Фотo: karaganda-region.gov.kz

Кешенді жоспар 10 бағыттан және іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыру жөніндегі 172 жүйелі әрі салалық шаралардан тұрады. Құжат жобасын барлық мүдделі тараптар және бизнес-қоғамдастық, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық бизнес қауымдастықтар егжей-тегжейлі талқылап, мақұлдаған.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/31019