Бөлімді таңдауға оралу

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны.

МЖӘ тиісті шарттарда айқындалатын тәуекелдерді, пайда мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу шартымен мемлекеттің жауапкершілігі саласына дәстүрлі жататын салалардағы мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығы болып табылады ("мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңымен реттеледі).» )

МЖӘ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

  1. МЖӘ объектісін кейіннен мемлекет меншігіне бере отырып, жекеше әріптестің МЖӘ объектісін құруын көздейтін МЖӘ Шарты.
  2. Объектіні құру (реконструкциялау) және пайдалану бойынша жекеше әріптес пен мемлекеттің бірлескен қызметін көздейтін МЖӘ Шарты.
  3. Қайта жаңарту және пайдалану (сенімгерлік басқару, жалдау) мақсатында мемлекеттік меншіктегі объектіні сенімгерлік басқаруға не жекеше әріптеске мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді көздейтін МЖӘ Шарты.
  4. Жекеше әріптестің меншігіндегі объектіні мемлекетке не ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалдауға (жалға алуға), оның ішінде объектіні мемлекеттің сатып алу құқығымен (жалға алу) беруді көздейтін МЖӘ Шарты.

ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ЖӘНЕ ТАБЫС АЛУ КӨЗДЕРІ

Төлеу

  1. Объектіні пайдалану кезеңінде қызмет көрсетуден түскен кірістер.

  2. ҚР заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар.
  3. Инвестициялық шығындарды өтеу (ИШӨ).
  4. Экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ұстауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған шығыстар көлемі шегінде пайдалану/операциялық шығындарды (ПШӨ, ОШӨ) өтеу.
  5. Мемлекеттік меншіктегі объектіні басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы
  6. Нысанның қол жетімділігі үшін төлем.

Мемлекеттік қолдау

  1. Мемлекеттік кепілдік.
  2. Мемлекет кепілгерлігі.
  3. Айрықша құқықтарды беру.
  4. Заттай грант.
  5. Қоса қаржыландыру.