18 March 2020

Қарағанды облысында құрылыс көлемі өсті

Қарағандыоблысындақұрылыскөлеміөсті

Қарағанды облысының экономикалық даму қорытындысы туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов есеп берді. Жыл басынан бері облыста барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі байқалады.

 Осы жылдың қаңтар және ақпан айларында құрылыс көлемі айтарлықтай өсті. Бұл секторда жұмыстар 18,2 млрд теңгеге орындалды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 38,6%-ға артық.

Аталмыш кезеңде 81,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 8,2% құрады.

Photo

Фотo: karaganda-region.gov.kz

Жыл басы шағын және орта бизнес үшін де жемісті болды.

- Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 0,6%-ға артып, 87 мың 383 бірлікті құрады. Өндірген өнім көлемі 4,3%-ға өсіп, 986,8 млрд теңгені құрады. Ішкі саудада 4,4% деңгейінде өсімге қол жеткізілді, бұл бөлшек және көтерме сауда айналымының артуымен байланысты, - деп атап өтті Азамат Мұқанов.

Өсім өнеркәсіпте, өңдеу және аграрлық секторларда байқалады. Жыл басынан бері облыста өнеркәсіп өнімі өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артты. Жалпы өндіріс көлемі 0,6%-ға өсті.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек экономикалық өсу қарқынын сақтау үшін бар күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/29999