Нормативтік база

Қарағанды облысының аумағында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау инвестордың мемлекетпен ынтымақтастығы үшін қажетті құқықтық жағдайларды қамтамасыз ететін ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі инвестициялық заңнама ҚР-дағы инвестициялық белсенділікті дамытуды реттейді, сондай-ақ өңірлердің заңнамалық бастамасының мүмкіндіктерін арттыратын нормаларды айқындайды.

ИНВЕСТОР ҮШІН ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗА

Қазақстан Республикасының Конституциясы
(0 КБ)
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
(0 КБ)
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы заң
(0 КБ)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
(0 КБ)
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді, оларға бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді қамтиды. Мұнда сіз заңды тұлғаны (шетелдік заңды тұлғаның филиалын) ашу тәртібімен таныса аласыз.
ҚР визаларын беру ережелері
(0 КБ)
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы. Мұнда сіз рұқсат беру құжаттарын алу тәртібімен таныса аласыз.
Қазақстан Республикасының жер кодексі
(0 КБ)
Қазақстан Республикасындағы жер мемлекет меншігінде. Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде де жеке меншікте болуы мүмкін. Мұнда сіз жер телімдерін алу тәртібімен таныса аласыз.
Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы кодексі
(0 КБ)
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Қазақстан Республикасының салық кодексі)
(0 КБ)
Кодекс салық салу принциптерін белгілейді,салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, жою, есептеу және төлеу тәртібі бойынша қатынастарды реттейді.