11 Қыркүйек 2020

Қарағандының Оңтүстік-Шығысында жаңа спорттық-ойын-сауық саябағы пайда болды

Athletics спорт саябағы қыркүйек айының ортасында ашылады. Қазіргі таңда субұрқаққа жабдық орнату, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, қоршау орнату жұмыстары қалды.

Қарағандының Оңтүстік-Шығысында жаңа спорттық-ойын-сауық аймағы пайда болды. Мұнда 3,5 гектар жерге турниктер мен тренажерлардың тұтас кешені орнатылды, үлкен скейтодром, ойын алаңдары, футбол алаңы салынды. Әр түрлі жастағы адамдар салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдай жасалған.

Бұл жобаны іске асыру өткен жылы басталды.

Photo: karaganda-region.gov.kz

«Темір-Арқа» ЖШС Бас директоры Марат Әбілқайыровтың айтуынша, негізгі жұмыстар аяқталды. Жобалаушылармен қарастырылған барлық спорт ғимараттары бар. Жарықтандыру тіректері, бейнекамералар, орындықтар мен урналар орнатылды. Аллеялар салынды, серуендеу алаңдарына қырлы тастар төселген, веложолдар, кіреберіс жолдар, тұрақтар абаттандырылған.

- Бұл саябақта қазірдің өзінде спорт сүйер қауым белсенді жаттығып жатыр, - дейді Марат Әбілқайыров, - Жаңа скейтодромды қуана игеріп жатыр. Сонымен бірге Athletics-те жұмыс жалғасуда. Қазір біз аумақты көгалдандырудамыз. Жоба бойынша мыңнан астам бұталар мен 180 түрлі ағаштар отырғызу қарастырылған. Сондай-ақ, жақында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы маман келіп, құрғақ субұрқақтың бөлшектерін монтаждауға кіріседі. Оның шашырауы аллеяда жүрген жолаушыларды сергітетін болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/mesto-prityazheniya-novyy-sportivno-razvlekatelnyy-park-poyavilsya-na-yugo-vostoke-karagandy?lang=kk