15 Қыркүйек 2020

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы астық жинау науқанының барысымен танысты

Қарағанды облысында егін жинау науқаны жүріп жатыр. Егістіктерде жұмыс әдеттегіден он күн бұрын басталды. Жазда жауын-шашын көп болмаса да, шаруалар астықтың сапасы жақсы болады дейді. Жаңбырлы ауа-райы жағдайында олардың көбісі астықты кептіру кешендерінің көмегімен құтқармақ.

Жеңіс Қасымбек Осакаров және Нұра аудандарына жұмыс сапары барысында аграршылармен кездесіп, егін жинау қалай жүріп жатқанын, күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қандай көмек қажет екенін талқылады.

Photo: karaganda-region.gov.kz

Осы өнім жинау маусымында облыстың 33 ірі шаруашылығы резервтік қорға 36 мың тонна астық жөнелтеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6 мың тоннаға артық. Ол өз кезегінде көктемде нан бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Тұрақтандыру қоры дәстүр бойынша жергілікті өндірушілердің көкөністеріне толы болады. Облыс фермерлері қоймаға 2,5 мың тонна картоп, 400 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат жөнелтеді. Олар тек біздің облысты ғана емес, сонымен қатар өз тауарларын Алматы, Шымкент және Түркістан облысына жөнелтеді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/zhenis-kasymbek-oznakomilsya-s-hodom-uborochnoy-kampanii-v-karagandinskoy-oblasti?lang=kk