Даму институттары

АҚ "Сарыарқа "ӘКК

 

Миссиясы: Мемлекет пен бизнес серіктестігі қағидаттарында Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Басты мақсат: өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу:

  • мемлекеттік және жеке әріптестікті, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен шоғырландыру;
  • жоғары технологиялық озық шешімдерді енгізу;
  • экономиканың басым секторларында бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту.

Жобаларды қаржыландыру инвестормен бірлесіп құрылатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына кіру жолымен жүзеге асырылады, ал алынатын дивидендтер қайта инвестициялауға және жаңа жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қарағанды өңірі үшін әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталады.

Сарыарқа "ӘКК" АҚ үшін кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың басым бағыттары мыналар болып табылады: жер қойнауын пайдалану саласы, шикізаттық емес сектор, оның ішінде Металлургия-Металл өңдеу индустриялық паркін салу, шикізат, агроөнеркәсіптік сектор, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорын қалыптастыру.

 Сондай-ақ, инновациялық, өндірістік және өңдеуші кәсіпорындарға инвестиция салу, венчурлік старт-ап қаржыландыру қызметінің маңызды бағыты болып табылады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Миссиясы:құзыреттілікті дамыту бойынша қаржы құралдары мен бағдарламалардың кең ауқымын қамтитын кешенді қолдау арқылы Қазақстанның ШОБ-тың сапалы дамуына жәрдемдесу.

Басты мақсаты: ШОБ субъектілеріне қаржылық қолдауды қамтамасыз ету және қолдау көрсетілетін кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру.

Қызметтің негізгі түрлері:

  • ШОБ субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерде, лизингтік компанияларда, микрокредиттік ұйымдарда, факторингтік компанияларда қаражатты шартты орналастыру бағдарламаларын іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бағдарламалар шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
  • Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерде және өзге де заңды тұлғаларда кредиттер алған кезде кепілдіктер беру;
  • Қордың кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, бизнесті консультациялық қолдау бойынша бағдарламаларды іске асыру.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

 Миссиясы: іскерлік, инвестициялық ахуалды, тұрақтылықты жақсарту, ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін елде бизнес жүргізу шарттарын дамыту.

Басты мақсат: бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің кеңінен қамтылуын және тартылуын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлер палатасы ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын өз қызметімен қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүддесін білдіреді.

 Негізгі функциялары:

  • Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Өңірлерде кәсіпкерлік белсенділікке, кәсіпкерлік қызмет жағдайларына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  • Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу;
  • отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту үлесін арттыру;
  • кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту;
  • сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы әттараптандыру.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қазақстандық бизнесті белсенді тартуды қолдайды. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іскер топтардың мүдделерін қорғайды, шет елдердің бизнес қоғамдастығымен байланысты кеңейтеді және нығайтады, сондай-ақ интеграциялық процестер шеңберінде қазақстандық бизнесті қолдауға қатысады.

Цифрландыру және инновациялардың аймақтық офисі

Миссиясы: инновацияның өңірлік кеңсесі "Сарыарқа "ӘКК "ҰК"АҚ жанынан құрылды. РОИ қызметінің негізгі бағыты "бір терезе" қағидаты бойынша цифрландыру мен инновацияларды қолдау, өңірдің инновациялық әлеуетін айқындау, ашу және дамыту, сандық және инновациялық өнімдерге қажеттілікті айқындау, инновациялық жобаларды жылжыту және Қарағанды облысының аумағында олардың бастамашыларына жан-жақты көмек көрсету болып табылады.

Өңірлік кеңсені құру жобаларды кешенді қолдау үшін өңірдің инновациялық гранттары мен қаржылық мүмкіндіктерін қоса алғанда, цифрлық және инновациялық дамуды қолдаудың барлық қолданыстағы шараларын барынша тиімді ықпалдастыруға мүмкіндік береді.

Негізгі мақсаты: коммуникациялық, талдамалық және консалтингтік функцияларды орындаудың бірыңғай орталығын құру өңірдің цифрлық технологиялары мен инновацияларын дамытуға мүдделі барлық қатысушылардың сындарлы диалогы үшін платформа құру болып табылады.

Өңірлік кеңсе келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  • Мүдделі тұлғаларға, инноваторлар мен кәсіпорындарға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша консультациялар көрсету;
  • Цифрландыру мәселелері бойынша кеңес беру;
  • Мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша конкурстарға қатысуға өтінімдерді дайындауда және өңдеуде инновациялық жобаларды әзірлеушілерге көмек көрсету;
  • Стартап-компанияларға сервистік қызметтер кешенін ұсыну;
  • Өнертабысқа және пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патенттерін алуға өтінім беруге көмек көрсету.

 

Бұдан басқа, РОИ өндірістік кәсіпорындармен, аймақтың ғылыми-техникалық және стартап-қоғамдастығымен олардың технологиялық қажеттіліктерін шешуге және кәсіпорындардың технологиялық міндеттері бойынша шешімдер іздеуге жәрдемдесу үшін өзара іс-қимылды жүзеге асырады, инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимылда жобаларды әзірлеушілерге жәрдем көрсетеді.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету мақсатында РОИ даму институттарының мамандарын шақыра отырып және инновациялық гранттар алу конкурстарына қатысу тәртібін түсіндіре отырып, семинар-консультациялар өткізуді жоспарлап отыр. Семинар аясында қатысушылар инновация үлгілерімен, басым бағыттармен, инновациялық гранттардың түрлерімен, өтінімдерді қарау рәсімдерімен танысады. Семинарға қатысу үшін өнертапқыштар, рационализаторлар, инновациялық-бағытталған кәсіпорындардың, ҒЗИ, жоғары оқу орындарының, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері шақырылады. Семинар форматы жиі кездесетін қателіктерге және практикалық ұсынымдарды беруге және әлемдік тәжірибе мен кеңес беру мен өтінімдерді қараудың практикалық тәжірибесінің ұсынымдарына негізделген олардың алдын алуға баса назар аударылатын болады.

Байланыс ақпараты