16 Қыркүйек 2020

Нұра ауданында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Нұра ауданының Ахмет ауылында «Құғабаев Н. С.» шаруа қожалығы құс фабрикасын іске қосты. 10 мың тауыққа арналған кешен жылына 100 тонна ет және 350-400 мың жұмыртқа өндіреді деп жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер 20 млн теңге салды. Дайындық жұмыстары барысында ауданы 1 300 шаршы метр бос ғимарат қалпына келтірілді. Қуаттылығы әртүрлі отандық және шетелдік өндірістің 36 бірлік инкубациялық жабдық, балапандарды өсіруге арналған 80 Брудер, құстарды ұстауға арналған 50-ден астам тор және өнімділігі сағатына 150 бас модульдік құс фабрикасы сатып алынды.

Photo: karaganda-region.gov.kz

Қазіргі уақытта құс қорасында кобб-500 ет тұқымды 900 балапан бар. Олар 50-60 күн өсіріледі. Мұнда сондай-ақ, манжүрлік бөдене өсіріледі. Олардың саны 2,5 мыңға жетті. Сонымен қатар, Брама, амрокс, кучинская және хайсекс сияқты тауықтардың тұқымдары бар. Кобб-500 қоспағанда, барлық тауық түрлері жұмыртқа өндіру және өсіру үшін бапталады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/v-nurinskom-rayone-zarabotala-novaya-pticefabrika?lang=kk