Кіру

25 Наурыз 2021

Қарағанды облысында жаңа индустриялық аймақ құрылды

Қарағандыоблысындажаңаиндустриялықаймаққұрылды

Саран қаласында бұрынғы РТБ зауытының өнеркәсіптік алаңы жаңа индустриялық аймаққа айналды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс III сессиясында мәлімдеді.

- Таяуда ғана ел басшылығының қолдауымен бұрынғы Саран қаласындағы РТБ зауыты аумағында жаңа индустриялық аймақ құрылды. Бұл зор әлеует ашады. Инвестицияның жаңа ағымын күтеміз. Мамыр айында автобус зауытының екінші кезеңін аяқтау жоспарлануда. Қазақстандық қамту 30%-дан асады. Бұл Саран қаласының экономикасын әртараптандыруға бағытталған алғашқы ірі жоба. Ресейлік «Татнефть» компаниясымен серіктестікте шина зауыты салынады, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы осы аудандағы тұрғын үй секторын қайта қалыпқа келтіру жоспары туралы айтты. Қараусыз қалған үйлерді жөндеу көзделіп отыр.

Депутаттар Саран қаласының қолданыстағы Бас жоспарына енгізілген түзетулерді бекітті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/175369?lang=kk