21 May 2020

Жезқазғанда Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Жезқазған аймағында болып қайтты. Өңір басшысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Нұрлы жер" бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Жезқазғанда осы жылға жоспарланған үлкен жоспарлар бар. Жергілікті билік "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының көмегімен белсенді қарқынмен құрылыс жүргізіп, нысандарда жөндеу өткізіп, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Мысалы, әлеуметтік мәдени тұрмыстық төрт нысанды, 58 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын, 1,5 шақырымға жуық кәріз және су құбыры желілерін жөндеу жоспарланған. Қала жолдары де ретке келтіріле бастады. Атап айтқанда, №4 жол өтпесін қалпына келтіруге кірісті. Ол 1954 жылы салынған.

Photo: karaganda-region.gov.kz

Фотo: karaganda-region.gov.kz

Бұдан басқа, екі саябақ абаттандырылады, 800 жарықтандыру тіректері орнатылады. Осының бәрін жүзеге асыру үшін жұмыс қолы қажет. Сондықтан мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

- Жезқазғанда Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болатын 36 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 33 инфрақұрылымдық жоба және үшеуі құрылыс бойынша, - деп хабарлады Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/30964