22 May 2020

Қазақстанның вице-премьер-министрі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жезқазған және Ұлытауда болып қайтты

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жезқазған өңіріне келді. Ол «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс барысымен танысып, өңірдің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына назар аударды.

Маңызды мәселелердің бірі үшін Жезқазған қаласындағы апаты үйлердегі тұрғындарды көшіру болып табылады. Сондықтан Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында осы мәселеге назар аударды.

Photo: karaganda-region.gov.kz

Фотo: karaganda-region.gov.kz

- Облыс әкіміне бұл мәселені бақылауға алуды және келесі жылдың соңына дейін оны шешуді тапсырамын, - деді Ералы Тоғжанов Қарағанды облысының басшысына.

- Облыста барлығы 54 үй апатты деп танылды, оның 26-ы осында. Биыл қалалық бюджеттен ақша бөлінді. Мәселені шешіп жатырмыз, - деп сендірді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында халыққа үздіксіз су беру мәселесі де өзекті болып тұр. Жезқазған жұртшылығы Ералы Тоғжановқа осы мәселемен жүгінді.

- Қарағанды облысының әкімімен бұл мәселені талқыладық. Оны шешу жолдарын қарастырамыз, - деді Ералы Тоғжанов.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/31053