26 March 2020

Қарағанды облысында картоп өсіру көлемі артылады

Қарағанды облысында картоп өсіру көлемі артылады

Қарағанды облысы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды. Биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөніс және мал азықтық шөптер егін бір миллион гектардан аса жерге себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық.

Photo: karaganda-region.gov.kz

Фотo: karaganda-region.gov.kz

Осы көктемде дәнді және бұршақты дақылдар егіледі. Олар 895,5 мың гектар жерді алады. Мал азығы 64,5 мың гектар, майлы дақылдар 28,1 мың, картоп 10,6 мың гектар жерге отырғызылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 гектарға артық.

- Алдын ала талдау нәтижесі тұқымның сапасы жақсы екенін көрсетті. Тексеруге барлығы 86 мың тонна түсті, - деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашев.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/29997